{metadescription}
Ауытқушылығы бар қызды екі еркек зорлаған

Ауытқушылығы бар қызды екі еркек зорлаған

Қырғызстандағы Ош облысының Алай ауданында екі ер адам қамауға алынды.

Ол екеуі психикалық аурумен ауыратын бойжеткенді зорлады деген күдікке ілікті. Ош облысының Ішкі істер басқармасы хабарлағандай, 13 ақпанда 17 жастағы қызының зорланғаны фактісін анықтауды сұраған әйел арыз түсірген.

"Тергеу барысында 9 ақпанда қызды 36 жастағы ауылдың таныс тұрғыны шақырып алғаны анықталды. Көлігіне отырғызған соң ол кісі бойжеткенмен жыныстық қатынасқа түскен. Ал 12 ақпан күні бойжеткенге 24 жастағы тағы бір ауыл тұрғыны телефон шалып, далаға шықшы деген. Қыз шыққанда бұл да оны көлігіне салып алып, жыныстық қатынас жасаған. Жәбірленушінің психикалық ауытқушылығы бар. Екі күдікті қазір қамауда, қылмыстық іс қозғалды", деп атап өтті Ішкі істер басқармасы.

Милиция өкілдері ұсталғандардың өз кінәсін тек ішінара мойындап отырғанын жеткізді. Күдіктілердің сөзінше, жыныстық қатынас келісіммен болған.

Дереккөз: zakon.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.