Diamond Princess круиз лайнерінде карантин аяқталды
Diamond Princess круиздік кемесінде 14 күндік карантин аяқталып, жолаушылар жағаға шыға бастады.
11:00 19.02.2020
Кемеден бірінші болып қарт әйел шықты. 19 ақпанда коронавирус анықталмаған тағы 500-ге жуық әртүрлі жастағы адамдар шығады деп күтілуде. Лайнердің алдында туристерді ондаған автобустар күтеді. Коронавирустың өршуіне байланысты жалпы саны 3,700 жолаушы мен экипаж, оның ішінде төрт қазақстандық кемеде құлыпталған болатын. 18 ақпандағы кешкі мәлімет бойынша 542 адамда вирус анықталған, олардың 254-інде тексеріс кезінде вирустың ешқандай белгілері болмаған.
Аурулардың арасында американдықтар, украиндықтар, израильдіктер және басқа елдердің азаматтары бар. Вирус анықталғаннан кейін науқастар кемеден шығарылып, медициналық орындарға орналастырылды. Круиздік кеме 5 ақпанда карантин жабылды. Үш күннен кейін 70 жолаушы науқас екені белгілі болды, ал 10 ақпанда олардың саны 130-ға жетті.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!