Солтүстік Қазақстанда жас полицей өз-өзіне қол жұмсады
Марқұмның әріптестері суицид фактісін растады, қазір тергеу жүріп жатыр, қызметтік тексеріс те басталды.
11:36 19.02.2020
Солтүстік Қазақстан облысында 29 жастағы полицей өз-өзіне қол жұмсады. Қайғылы хабар сейсенбі күні өңірдің әлеуметтік желілерінде тарады. Онда марқұмның әріптесі полицейдің өз-өзіне қол салғанын және басшылығымен арада келіспеушіліктер болғанын айтты. Полицейдің өз-өзіне қол жұмсағанын полиция департаментінің баспасөз қызметі растады.
"15 ақпанда Петропавлда Смирново аудан орталығының тұрғыны жалдамалы пәтерде өз-өзіне қол салды. Өзіндік қауіпсіздік басқармасы Аққайың аудандық полиция бөлімі қызметкерінің өліміне қатысты қызметтік тексеріс бастады," – деді полициядан.
Тергеу барысы облыстық полиция департаментінің бастығы Марат Төлебаевтың жеке бақылауында. Қылмыстық кодекстің 105-бабы "Өз-өзіне қол жұмсауға итермелеу" бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Бапқа сәйкес, егер кінәлілер анықталса, олар бес жылға дейін бас бостандығынан айырылуы мүмкін.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!