Оралда 5 жасар бала үшінші қабаттан құлап кетті
Бес жасар бала ойнап жүріп, абайсызда терезеден құлап кеткен.
12:39 19.02.2020
БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға кеше кешкісін Ә.Молдағұлова көшесіндегі көпқабатты үйлердің бірінде болған. 2014 жылғы ұл бала үйде жалғыз болған. Ол ойнап жүріп, абайсызда терезеден құлап кеткен. Құлаған бала жағдайы ауыр күйінде облыстық көпбейінді балалар ауруханасына жеткізілді.
Облыстық денсаулық сақтау басқармасының нақтылауынша, бала толық тексерілді. Қазіргі кезде ол жансақтау бөлімінен бөлімшеге ауыстырылды. Оқыс оқиғаның жай-жапсарын мамандар анықтап жатыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!