8 жасар бүлдіршін кәріліктен көз жұмды
Украинада ерте қартаюдан зардап шеккен сегіз жасар Анна Сакидон көз жұмды.
14:11 19.02.2020
Волинск облыстық балалар аумақтық медициналық бірлестігінің анестезиология бөлімшесі меңгерушісінің орынбасары Надежда Катаманның айтуынша, өлім полиоргандық жетіспеушіліктің салдарынан болды. Дәрігердің сөзінше, осындай диагноз қойылған балалардың өмірі 8-10 жылға ғана созылады.
"Бұл қыз бізде кішкентай кезінен бастап қаралды. Ақпан айында Анна 8 жасқа толды. Прогерия диагнозы бар балалардың өмір сүру ұзақтығы 8-10 жыл болғандықтан, оның биологиялық жасы 70-80 жасты құрады. Аннаның салмағы 8 келі болса да, балада ішкі ағзалар мен жүйелердің ерте қартаюы болды", – деді Катаман.
Дәрігер мұндай диагнозы бар науқастарда қаңқа өспейтінін, бірақ ішкі мүшелер өсетінін айтты. Науқастар көбіне инсульттен көз жұмады. Анна бірнеше рет инсульт алған, сондай-ақ, ол аяқ-қол тетрапарезінен зардап шекті.
Дереккөз: stan.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!