{metadescription}
ШҚО-да қабір қазуға кеткен ер адам өлі табылды

ШҚО-да қабір қазуға кеткен ер адам өлі табылды

Шығыс Қазақстан облысында қабір қазу үшін кетіп, ұшты-күйлі жоғалған азамат өлі күйінде табылды.

Марқұм болған азамат Асхат Әлжанов 7 ақпанда біреуге қабір қазуға көмектесу үшін кеткен кезде жоғалып кеткен. Содан бері оны ешкім көрмеген. Осы оқиғадан кейін Асхаттың анасы ұлының жоғалып кеткендігі жайлы полицияға хабарлаған. 

Полиция мәліметі бойынша, 10 ақпан күні ШҚО тұрғыны 1983 жылы туған ұлы Бүкенші ауылындағы үйінен белгісіз бағытқа шығып, жоғалып кеткені жайлы арыз жазған. Ал 14 ақпанда ер адамның мәйіті өз үйіне жақын маңнан табылды. Мәйітті көзбен тінтіп, тексеру кезінде зорлық-зомбылық белгілері табылған жоқ. Алдын ала болжамға сүйенсек, ол суықтан қаза тапқан. Сараптама тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде