Ұйқы қанбаудың қауіптілігі айтылды
Ғалымдар ұйқы қанбау, семіздік, диабет және жүрек ауруларының арты қандай қиыншылықтарға әкеп соғуы мүмкін екендігін айтып кетті.
16:49 19.02.2020
Наполеон Бонапарт, Александр Македонский, Леонардо да Винчи аз ұйықтап, көп нәрсе үлгерді деген пікір бар. Мұны тексеру қиын. Бірақ мұндай адамдарға еліктеп, ұйқы мөлшерін азайтуға болмайды, деп хабарлайды биологиялық ғылымдар докторы Владимир Дорохов.
"Наполеон, Александр Македонский, Черчилль, Маргарет Тэтчер аз ұйықтаған. Ал Тэтчерде қысқа ұйқы гені болды. Алайда бұл ген бар адамдар өте сирек кездеседі. Мұндай адамдар 4 сағатта ұйқы қандыра алады. Бірақ оларға еліктеуге болмайды", - деді сарапшы.
Ұйқы мөлшерін азайту көптеген адам үшін өте қауіпті. Адамның өмір сүру уақыты азаятыны дәлелденген.
"Түнде ұйықтау өте маңызды. Себебі ұйықтаған кезде сіздің денеңіз өзін қалыпқа келтіреді. Ал егер ұйқы жетпесе, ол түрлі патологиялық ауытқушылыққа әкелуі мүмкін. Аз ұйықтаған адамдардың өмірі 10-15 жылға қысқаратыны туралы талай ғылыми жұмыс жазылған", - дейді дәрігер.
Сондықтан дәрігер қысқа ұйқы гені барлар ғана сегіз сағаттан аз ұйықтай алатынын айтып отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары