Ақмолада із-түзсіз кеткен бойжеткен Қарағандыдан табылды
Ақмола облысында сегіз күннен бері іздеуде жүрген қыз құрбысының үйінде жатқан.
20:28 19.02.2020
Ведомствоның мәліметінше, 2020 жылғы ақпанның 11-да Көкшетау қалалық ПБ кезекші бөліміне Симферополь ауылының 57 жастағы тұрғыны хабарласып, 26.06.1993 жылы туған қызы Шолпан Жұмабекқызы Ахметті іздеп табуға көмектесуді сұраған. Іздестіру шарасы барысында жоғалған қыздың бұған дейін де үйінен кетіп, кейін қайта оралып отырғаны анықталды.
Тәртіп сақшылары 8 күн бойы іздестіру шараларын бір тоқтатпады. Оған Көкшетау қаласының ПБ жеке құрамы тартылды. Нәтижесінде Шолпан 18 ақпан күні Қарағанды қаласындағы құрбысының үйінен табылды. Оның өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!