Пойыз рельстен шығып кетіп, жолаушылар вагондардан шыға алмай қалды
Аустралияның Виктория штатында жолаушылар пойызы рельстен шығып кетіп, бірнеше жолаушы вагондардан шыға алмай қалды.
17:09 20.02.2020
Оқиға бейсенбі күні Мельбурннан 45 шақырым қашықтықта Уоллан теміржол станциясына жақын жерде болған. Пойыздың бес вагоны мен локомотив рельстен шығып кетті. Телеарна мәліметтері бойынша, пойызда 200-ге жуық адам болған. Оқиға орнына жедел көмек қызметі жіберілді. Мельбурн мен Сидней арасындағы пойыздардың қозғалысы тоқтатылды.
Жергілікті БАҚ мәліметтері бойынша, көптеген құрбандар мен жараланғандар болуы мүмкін. Оқиғаның неден болғаны белгісіз.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!