{metadescription}
Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Коронавируске қарсы күші бар тағы бір дәрімек аталды

Қытайда "Абидол" препаратын коронавируске қарсы әсер ететін дәрілердің қатарына жатқызды.

Қытайдың дәрігер мамандарының сөзінше, "Абидол" хлорохинфосфат және "Рибавирин" дәрілерімен қатар  COVID-2019 коронавирусына қарсы әсер ететін күшке ие деп танылған. Аталмыш препараттар интерферон мен лопинавир/ритонавир дәрімектеріне араластырылып қолданылады екен. Ең алғашында, қытайлықтар абидолды жұқпалы індетке қарсы қолданып көрген, алайда оның денеге деген жағымсыз әсерлері анықталыпты. 

Бұған дейін Таиланд дәрігерлері коронавируске қарсы препараттар "коктейлін" ойлап тапқан еді. Сонымен қатар қытайлық дәрігерлер коронавируске төтеп бере алатын қытайлық дәрімек анықтаған болатын.

Дереккөз: stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде