Оралда жоғалып кеткен 15 жастағы қыз табылды
Оралда жоғалған15 жастағы қыз аман-есен табылды.
08:15 21.02.2020
Бұдан бұрын жазғанымыздай, Яна Кострыкина 18 ақпан күні таңертең үйінен мектепке шығып кеткеннен оралмаған болатын. БҚО полиция департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқушы қыз бүгін кешкісін «Омега» зауыты ауданынан табылған.
Қызды Орал қаласы полиция басқармасының ювенальды полиция инспекторы Аслан Атамбаев тапты. Қазіргі кезде қаладағы №26 орта мектептің 9-сыныбында оқитын қыздың жоғалу себебі анықталу үстінде.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!