Ақмола облысында ерлі-зайыптылар ыстан уланып, көз жұмды
Ведомствоның мәліметінше, қайғылы жағдай Есіл қаласындағы жеке тұрғын үйлердің бірінде болған.
09:56 21.02.2020
Бұл туралы Есіл аудандық полиция бөліміне 60 жастағы жергілікті тұрғын хабарлаған. Әйелдің айтуынша, ол ақпанның 19-ында күні бойы Тәуелсіздік көшесінде тұратын Александр және Надежда Науменко есімді ерлі-зайыпты туыстарына хабарласа алмаған және үйдің есігін ешкім ашпаған.
«Үйдің есігін бұзып кірген құтқарушылар жатын бөлмедегі кереуетте ерлі-зайыптылардың мүрдесін тапты. Алдын ала деректер бойынша, екеуі де иіс тиіп көз жұмған»,- дейді ведомстводан.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!