{metadescription}
Алматыда жанармай құю стансысында төбелес болды

Алматыда жанармай құю стансысында төбелес болды

Алматы полициясы жанармай құю стансысында маңындағы төбелесті тексеруге кірісті.

Әуезов ауданында болған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде жарияланған. Екі жүргізуші жанармай құю бекетінде колонкаға таласып жаға жыртысқан. Біреуінің қолында пышаққа ұқсас зат болған. Қалалық полиция департаменті аталған оқиғаға байланысты ешкім арызданбағанын хабарлады.

«Жүргізушілер жанармай құю бекетінде кезек бөлісе алмаған. Екеуі де бір-біріне зақым келтірмеген. Екеуінен де түсініктеме алынды. Олар бір-біріне арыз жазудан бас тартты, ешкім жарақат алған жоқ. Пышағы болған ер адамның іс-әрекетіне құқықтық баға беріледі. Жеке тексеру шаралары ұйымдастырылады», - деді қалалық ПД ресми өкілі Салтанат Әзірбек.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде