{metadescription}
Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

Алматыда жоғалған мектеп оқушысы табылды

Алматыда жоғалған 14 жастағы жасөспірім аман-есен табылды.

Полиция хабарлағандай, 20 ақпанында хабар-ошарсыз жоғалып кеткен Күнту Шерхан ата-анасына тапсырылды.

«Баланың жағдайы жақсы, ешқандай зиян шекпеген. Ата-анасына дені сау күйінде тапсырдық. Полиция оны қаланың төменгі бөлігінен тапты. Алматы қалалық Полиция департаментінің басшылығы атынан іздеу жұмыстарына атсалысқаны және бірлескен әрекеттері үшін волонтерларға алғыс айтады. Күнту Шерханды іздеу жұмыстарына барлығы 150 адам қатысты. Олардың ішінде полиция қызметкерлерінен басқа мектеп ұстаздары мен волонтерлар бар. Біз жасөспірімнің аман-есен табылатынына сендік. Оның неліктен үйінен кетіп қалу себебі әлі нақтыланып жатыр», - деді Алматы қалалық Полиция департаментінің жергілікті полиция қызметі басқармасының ювеналды полиция бөлімінің бастығы Ләйлә Әліпбаева.

Естеріңізге сала кетейік, Алматыда 14 жастағы жеткіншек із-түссіз жоғалып кеткенін хабарлаған едік.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде