Алматыда жезөкшелер қызмет көрсететін қонақ үйлер жабылды
Он күн ішінде оңтүстік астанадағы құқық қорғау органдарының бөлімдеріне 183 жеңіл жүрісті азаматша жеткізілген, олардың 15-і – шетел азаматшасы.
11:28 22.02.2020
Алматыда жезөкшелікпен күрестің кезекті кезеңі 11 ақпанда басталған. Арнайы құрылған полиция тобы 183 жеңіл жүрісті қызды бөлімшеге жеткізді. Олардың үшеуі Ресей азаматшалары, бесеуі Өзбекстаннан, алтауы Қырғызстаннан және біреуі Украинадан. 11 қыз құжатсыз болды, олар ПД қабылдау бөліміне орналастырылды.
Полицияның ақпарынша, тек өткен түннің өзінде мегаполистің төменгі бөлігінде интимді сипаттағы қызмет көрсетілетін екі қонақ үй анықталған. Осылайша, жақында тәртіп сақшылары аталған орындардан жиырма жезөкшені ұстаған. Сондай-ақ қонақ үй қожайындары да жауапкершілікке тартылған. Он күннің ішінде 58 адамға интимдік қызметтер ұсыну үшін бөлме бергендері үшін айыппұл салынды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!