«Демпартия» бастамашыл тобының жетекшісі Жанболат Мамай қамауға алынды
Жанболат Мамай мен Жанбол Рахматулла халықты митингіге шақырды деп айыпталып, қамауға алынды.
12:03 22.02.2020
«21 ақпанда 1988 жылы туған Мамай Жанболат пен 1991 жылы туған Рахматулла Жанболды Алматы облысы Қарасай ауданының ПБ қызметкерлері ҚР ӘҚБтК-нің 488-бабы 3-бөлігінде көзделген әкімшілік құқықбұзушылық жасағаны үшін ұстады», - деп хабарлады ІІМ өкілдері.
Баспасөз қызметіндегілер олар әлеуметтік желілерде азаматтарды рұқсат етілмеген митингіге шақырғаны үшін ұсталғанын хабарлады. Қарасай аудандық сотының қаулысымен Жанболат Мамай 3 тәулікке, Рахматулла 15 тәулікке әкімшілік қамауға алынған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!