Жабайы жануарларды жеуге қатаң тыйым салынды
Қытайдың Жабайы жануарларды қорғау қоғамы арнайы үндеу жариялады.
12:47 22.02.2020
Аурудың алдын алу мекемелерімен медициналық мамандардың алғашқы тексеру-зерттеуінің нәтижесіне сәйкес коронавирус ауруының жабайы жануарлардан адамзатқа жұғуы, одан адамдар арасында таралуға себепші болу мүмкіндігі өте зор болып отыр.
«3 ақпан күні Мемлекеттік базар бақылау-басқару бас мекемесі, Экологиялық қоршаған орта министрлігі, Мемлекеттік орман шаруашылығы және жайылым мекемесі секілді 10 министрлік пен комитет (мекеме) жабайы жануарларды заңға қайшы саудалауға тыйым салу үшін арнаулы заң ережесін бірлесіп белгіледі. Індет таралған мезгілде бүкіл ел бойынша ең қатаң басқару-тізгіндеу шаралары атқарылып, жабайы жануарларды саудалауға жаппай тыйым салынды», - деп жазады БАҚ.
Осыған сәйкес Қытайдың Жабайы жануарларды қорғау қоғамы арнайы үндеу жариялады.
«Жабайы жануарларды азық ретінде жауді тоқтатайық және оларға еш жақындауға болмайды. Қажет болған жағдайда қауіпсіз аралықты сақтайық. Бұндай тыйым салынған жануарларды заңсыз саудалайтын базарлар және заңға қайшы әрекеттер байқалса, сол жердегі басқарушы немесе заң атқару орындарына дереу хабарлансын», - деп мәлімдеген Қытайдың жабайы жануарларды қорғау қоғамы.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!