{metadescription}
15 жастағы жасөспірімнің сұмдық қылмысы ашылды

15 жастағы жасөспірімнің сұмдық қылмысы ашылды

Ресейдің Мурманск облысы Кандалакша қаласында 15 жастағы жасөспірім 11 жасар баланы өлтірмек болып қарға көміп кеткен.

Жантүршігерлік оқиға 21 ақпанда болды, деп хабарлайды Ресейдің тергеу комитеті өңірлік басқармасының сайты. 15 жастағы жергілікті тұрғын баланы ұрып-соғып, буындырмақ болған. Бала есінен танғаннан кейін оны қарға көміп кеткен.

Зардап шеккен баланы ересектер құтқарды. Қазір ол ауруханада, өміріне еш қауіп төніп тұрған жоқ. Ал қылмыс жасаған жасөспірім ұсталды. Оған адам өлтіруге оқталды деген айып тағылып отыр. Оқиғаның мән-жайы мен себептері анықталып жатыр.

Дереккөз: Sputnik

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде