Көктайғақ және тұман: бүгінгі күнге ауа райы болжамы
Синоптиктердің болжамынша, республиканың басым бөлігінде тұман түсіп, көктайғақ болады, бұрқасындатады.
08:49 23.02.2020
23 ақпанда Қазақстанның бірнеше облысында атмосфералық ағымдардың әсерінен жауын-шашын, көктайғақ болады, жел күшейеді. Республиканың батысы мен солтүстік-батысында күн ашық. Шығыста бұрқасын болжанып отыр.
Нұр-Сұлтанда қар жауып, көктайғақ болады және тұман түседі. Сынап бағанасы күндіз -3, -6°C, түнде -6, -7°C көрсетеді. Алматыда күн бұлыңғыр, жаңбыр жаууы мүмкін. Күндіз +3, +5°C, түнде +1, +3°C. Шымкентте күн ашық, ауа температурасы +2, +12°C, түнде -1 градусқа дейін төмендейді.
Жамбыл және Қызылорда облыстарында кей жерлерде тұман түседі, көктайғақ болады, желдің жылдамдығы 15-20 м/с дейін күшейеді. Шығыс Қазақстан облысында – тұман, бұрқасын және жолдарда көктайғақ, жел. Түркістан облысын тұман басады, найзағай жарқылдайды.
Алматы облысында желдің екпіні 17-22 м/с дейін барады. Солтүстік Қазақстан, Ақмола, Маңғыстау, Атырау, Батыс Қазақстан, Ақтөбе, Қостанай, Павлодар, Қарағанды облыстарында тұман түседі деп күтілуде.
Дереккөз: Қазгидромет
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!