Көліктің быт-шыты шыққан: Ақтөбе облысында төрт адам көз жұмды
Жантүршігерлік жол апаты "Самара – Шымкент" тас жолында 23 ақпан, жексенбі күні болды, КамАЗ қарсы бетке шығып кеткен.
15:31 23.02.2020
Ақтөбе облысында жол апатынан төрт адам ажал құшты. Жол апаты 23 ақпан күні "Самара – Шымкент" тас жолының 915 шақырымында болды. 39 жастағы "КамАЗ" жүргізушісі қарсы бетке шығып кетіп, Volkswagen Sharan көлігімен соқтығысты. Салдарынан жеңіл көліктің бір жолаушысы жарақат алып, ауруханаға түсті.
Төрт адам оқиға орнында көз жұмды. Ақтөбе облысының полиция департаменті жүргізушілерден жол ережесін сақтауды өтінеді.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!