Жер сілкінісінен 7 адам мерт болды
Иранда болған жер сілкісіні салдарынан Түркияда жеті адам опат болды, оның ішінде үш бала бар.
16:35 23.02.2020
«AFAD қызметкерлері Ван провинциясындағы Ван және Озпынар ауылдарына барды. Қираған үйінділер астында адамдар қалып қойған. Жарақат алған бес адам ауруханаға жеткізілді. Іздеу-құтқару жұмыстары жалғасып жатыр», - деп мәлім етті Түркия ІІМ басшысы Сулейман Сойлу.
Иранда 23 ақпанда 5,7 магнитудалы жер сілкінісі болды. Жерасты дүмпуі жергілікті уақытпен 09:22-де Батыс Әзербайжан провинциясындағы Хой қаласында болған.
Еске сала кетейік, Жерге құлаған метеорит камераға түсіп қалды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!