{metadescription}
Қазақстанның астанасы мен 7 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазақстанның астанасы мен 7 облысында дабылды ескерту жарияланды

Қазгидромет еліміздің бірқатар өңірінде дабылды ескерту жарияланды.

"Қазгидромет" РМК мәліметінше, 24 ақпанда Қостанай облысында тұман, көктайғақ күтіледі. Күндіз кей жерлерде қар бұрқасындатып, оңтүстіктен жел секундына 15-20 метр епкінмен ұйытқиды. Нұр- Сұлтанда 24 ақпанда түннен басталған тұман таңертең де сейілмей тұрып алады. Дауылдың болу қаупі 85-90% құрайды.

Ақмола облысының кей жерлерінде және Көкшетауда түнде және таңертең түседі. Солтүстік Қазақстан облысында кей жерлерде –  тұман, бұрқасын. Күндіз оңтүстіктен күші 15-20 м/с жел соғады.

Қостанай облысының кей жерлерінде тұман, көктайғақ, бұрқасын, жел күтіледі. Қостанай қаласында оңтүстіктен соғатын желдің екпіні 15-20 м/с жетеді. Батыс Қазақстан облысының кейбір аймағын тұман басады, жел күшейеді. Оралда да тұман, желдің екпіні 18 м/с дейін барады.

Ақтөбе облысының кей жерлерінде – тұман, көктайғақ, бұрқасын. Оңтүстік-шығыстан, оңтүстіктен жел соғады, күндіз жылдамдығы 18 м/с құрайды. Ақтөбе қаласында күндіз көктайғақ болжанып отыр. Маңғыстау облысының кей жерлері мен Ақтау қаласында тұман күтіледі. Қызылорда облысының кей жерлерінде де тұман түседі.


 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде