Шымкентте екі адам газдан уланып көз жұмды
Шымкентте көпқабатты үйлердің бірінде екі адам иістен уланып, қайтыс болды.
12:11 24.02.2020
Оқиға орнына жеткен газ мамандары су жылытқыш құрылғының бұзылып тұрғанын анықтаған. «Қазтрансгаз Аймақ» АҚ мәліметінше, қайғылы жағдай бүгін түнде Түркістан көшесіндегі үйлердің бірінде болған. Таңғы сағат 07:51 шамасында ТЖД кезекші бөліміне 24/4 үйдегі 83-пәтерден 2 адамның мәйіті табылғаны туралы хабарлама түскен.
«Алдын ала болжам бойынша, 1994 және 1992 жылы туған екі адам газдың иісіне уланып қаза болған. Оқиға орнына жеткен апаттық бригада тексеру барысында асханада 2 конфорлы газ плитасы мен «DUBAI» су жылытқышы орнатылғанын анықтады. Алайда су жылытқыш пештің түтін шығаратын құбыры (гофра) ажырап кеткен. Қазір екі тұрғынның өліміне нақты не себеп болғаны анықталуда», - делінген хабарламада.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!