{metadescription}
Короновирус тараған лайнердeгі 4 қазақстандық елімізде карантинге жатқызылды

Короновирус тараған лайнердeгі 4 қазақстандық елімізде карантинге жатқызылды

Коронавирус тарауына байланысты жолаушылары карантинге жабылған Diamond Princess лайнеріндегі төрт қазақстандық елге оралды. 

Жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстанның 4 азаматы Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа орналастырылды.

«23 ақпанда жапондық Diamond Princess лайнерінің бортында болған Қазақстан азаматтары отанына оралып, карантинге жатқызылды. Еске сала кетейік, Жапония жағалауындағы криуз лайнерінде әлемнің 50 елінің 3 700 азаматы оқшауланып қалған болатын», - деп хабарлады ҚР Денсаулық сақтау министрлігінің тауарлар мен көрсетілетін қызметтердің сапасы мен қауіпсіздігін бақылау комитетінен.

Комитеттен хабарланғандай, Нұр-Сұлтан қаласындағы әуежайға 23 ақпан күні «Токио-Нұр-Сұлтан рейсі» бойынша 20 жолаушы келген. Оның 16-сы – Қазақстан азаматтары. Төртеуі - жапондық Diamond Princess лайнерінің ішінде болған жолаушылар. Сонымен қатар жолаушылардың ішінде Жапония, Ливия, Ұлыбритания, Украина, Оңтүстік Корея мен ҚХР азаматтары бар.

«Келген азаматтардың бәрі де қаладан 7 шақырым жердегі Нұр-Сұлтан қаласының №3 көпбейінді ауруханасының жанындағы инфекцияға қарсы корпусқа жайғасты. Дәл осы ауруханада бұдан бұрын Уханьнан келген студенттер оқшауланған еді. Келген азаматтардан коронавирус инфекциясы бойынша анализ үшін сынама алынды. Бәрінің жағдайы қанағаттанарлық. Олар 14 күндік карантинде болады», - деп хабарлайды комитеттен.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде