Алдағы күндері ауа райы күрт жылынады
Қазгидромет еліміздегі 25-27 ақпанға арналған ауа райымен бөлісті.
14:13 24.02.2020
Синоптиктер алдағы уақытта елімізде жылу күтілетіндігін жеткізіп, бұған қоса жауын-шашын түсетінін айтып кетті.
"Алдағы күндері Сібір антициклоны ықпалымен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады, бірақ Қазақстанның көптеген аймақтарында түнде және таңертең көріну қашықтығы 500 метрден төмен тұман түсуі ықтимал. Республиканың батыс аймақтарына жауын-шашын және көктайғақ әкелетін атмосфералық ағындар ығысуда. Бұл фронттарды Атлант мұхитынан келетін кезекті циклон әкеледі. Сондықтан жауын-шашынмен қатар ауа температурасы жоғарылайды. Ағындардың батыстан шығысқа көшуіне байланысты Қазақстанның қалған бөлігінде де жауын-шашын мен көктайғақ күтіледі", - деп бөлісті синоптиктер.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!