Семейде жүкті келіншек дене қызуын түсіремін деп өліп кете жаздады
Аяғы ауыр семейлік келіншек дене қызуын түсірмекші болып, анафилактикалық шок алды.
15:52 24.02.2020
22 ақпан күні дәрігер Роман Мерибаев пен Ержан Мұратов жедел жәрдем шақырған үйге барды.
"Олар мекенжайға келгенде 33 жастағы жүкті әйел дәрігер тағайындауынсыз дене қызуын түсіретін дәрі қабылдағанын білген. Науқасқа III-IV дәрежесіндегі анафилактикалық шок диагнозы қойылды. Соның салдарынан тек жүкті әйелдің өміріне ғана емес, құрсағындағы балаға да қауіп төнді", - деп жазады Семей қалалық медициналық жедел жәрдем қызметінің баспасөз қызметі.
Оның үйіне лезде жетіп, жылдам әрекет еткен медициналық қызметкерлердің арқасында әйелді өлімнен арашалап қалу мүмкін болды. Содан кейін келіншек перзентханаға жеткізілді. 11 сағаттан кейін дүниеге ұл бала келді. Қазіргі таңда олар өздерін жақсы сезінуде.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!
Серіктестер жаңалықтары