Қазақстанның бес өңірінде су тасқыны болуы мүмкін
Ішкі істер министрі Ерлан Тұрғымбаев көктемгі су тасқыны кезеңінде төтенше жағдайлардың туындау қаупін азайту бойынша іс-шаралар жоспарымен бөлісті.
10:26 25.02.2020
Синоптиктердің мәліметінше, наурызда Қазақстанның басым бөлігінде нормадан жоғары жауын-шашын жауады. Сондықтан Солтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан, Қарағанды, Ақмола және Қостанай облыстарында су тасқыны болуы мүмкін. Қазіргі уақытта синоптиктер тәулік бойы Қазақстанның барлық өңіріндегі су деңгейін бақылап отыр.
"Солтүстік Қазақстан облысында қар деңгейі көпжылдық нормадан 80 пайызға жоғары, Қарағанды, Ақмола, Қостанай облыстарында 30-60 пайызға, ал Шығыс Қазақстан облысының таулы аймақтарында 20-50 пайызға көп. Жамбыл облысында қар нормадан 30 пайызға көп болса, Алматы облысы тауларында қар деңгейі нормадан 35-45 пайызға төмен", - дейді "Қазгидромет" өкілдері.
Министрдің айтуынша тасқынның алдын алу мақсатында жергілікті атқарушы органдар елді мекендерден 8,8 млн текше метрден аса қар шығарып, қажетті қиыршық материалдар мен құм салынған қаптарды, жарылғыш заттар қорын дайындап қойған.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!