Коронавирусқа қарсы вакцина дайын болатын уақыт аталды
АҚШ-та коронавирусқа қарсы вакцина жаппай қолдану үшін бір жарым жылдан кейін дайын болады.
11:03 26.02.2020
Американың Ұлттық денсаулық институтының директоры Энтони Фаучидің айтуынша, алдымен вакцинаны адамдарға сынап көреді. Вакцинаны сынаудың бірінші кезеңі үш айға созылады. Бұл кезеңде вакцина 45 адамға, ал келесі кезеңде - "жүздеген, тіпті мыңдаған адамға" сыналады.
"Тіпті, бәрі зымыран жылдамдығымен жасалса да, ол 6-8 айды алады. Сондықтан, егер біз вакцинаның қол жетімділігі туралы айтатын болсақ, бұл - бір жарым жыл", - деді Энтони Фаучи.
Бұған дейін Қытай билігі өлімге әкелетін коронавирусқа қарсы вакцина жасағаны туралы жариялағаны хабарланған. Кейіннен қытайлық дәрігерлер 2019-nCov коронавирусты пневмонияны емдеудің тиімді әдісін ойлап тапқан.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!