Елімізде енді жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін жаза енгізіледі
Қазақстанда жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізу жоспарланып отыр.
15:47 26.02.2020
ҚР Парламент мәжілісінің депутаттары Әлтаев Нұржан, Смирнова Ирина және Балиева Зағипа ұсынысымен "Қылмыстық заңнамалардың кейбір хаттамаларына өзгертулер мен түзетулер туралы" заң талқылауға жіберілді.
Мәжілістің бүгінгі пленарлық отырысында депутаттар қылмыстық заңнаманы жетілдіру аясында сексуалды сипаттағы әрекеттер үшін жазаны күшейту бастамасын көтерді. Заңнама және сот-құқықтық реформа комитетінің төрағасы Нұрлан Әбдіровтің айтуынша, арнайы заң жобасымен алғаш рет жыныстық қатынасқа мәжбүрлегені үшін қылмыстық жаза енгізіледі.
"Заң жобасына "сексуалды әрекетке мәжбүрлеу" деген түсінік енгізіліп отыр. Бұдан бөлек, адам зорлау сияқты аса ауыр қылмыс жасағандарды шартты түрде мерзімінен бұрын босату құқығынан айыру қарастырылған. Ал кәмелет жасқа толмағандарға қатысты ондай қылмыс жасаған адамдар күштеп химиялық кастрацияға жіберіледі. Олардың психикалық жағдайына мән берілмейді", - деді Әбдіров.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!