Сарыағашта су таситын көлік 18 жастар қызды қағып өлтірді
Сарыағаш қаласында су тасымалдайтын ауыр жүк көлігі 18 жастағы қызды қағып кетті.
16:20 26.02.2020
Жаяу жүргінші дене жарақатынан жантәсілім етті, деп хабарлайды. Қайғылы оқиға 24 ақпанда болған. Алғашқыда жараланған қыз Сарыағаш аудандық орталық ауруханасының жансақтау бөліміне жеткізілген.
«Өкінішке қарай, дәрігерлер оның өмірін аман алып қала алмады. Сондай-ақ сот наркологиялық сараптама кезінде жүргізушінің спирттік ішімдік ішпегені анықталған», - делінген хабарламада.
Аталған оқиға негізінде Қылмыстық кодекстің 345-бабы бойынша сотқа дейінгі тергеу жүріп жатыр. Сараптамалар тағайындалды, процессуалдық шешім қабылданады.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!