СҚО-да пакеттен шақалақтың мәйіті табылды
Солтүстік Қазақстан облысында жаңа туған сәбидің мәйіті табылды.
16:49 26.02.2020
25 ақпанда Солтүстік Қазақстан облысы Обуховка ауылында жаңа туған сәбидің өлімі анықталғаны туралы телефон хабарламасы келіп түскен.
"Оқиға болған жерді тексеру барысында үй-жайдан жасырын салынған пакетте зорлықпен өлтірілген қыздың мәйітін тапты. Іс сотқа дейінгі тергеп-тексерудің бірыңғай тізіміне Қылмыстық кодекстің 100-бабы ("Жаңа туған баланы анасының өлтіруі") бойынша тіркелген. Күдікті Обуховка ауылының 1992 жылы туған тұрғыны екені анықталды. Ол аудандық ауруханаға жатқызылды", - делінген хабарламада.
Қайтыс болу себептерін анықтау үшін жаңа туған баланың мәйіті сот-медициналық сараптамаға жіберілді.
Дереккөз: Polisia.kz
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!