{metadescription}
Екі есе салмағын тастаған бойжеткен халық аруы атанды

Екі есе салмағын тастаған бойжеткен халық аруы атанды

Ұлыбританияның Гримсби қаласының тұрғыны 51 килограмға арықтап, "Ұлыбритания аруы-2020" байқауында жеңіске жетті.

26 жастағы Джен Аткин есімді ару Британияның ең көрікті бойжеткені титулына ие болды. Байқау барысында ол екі жыл бойы үзбей, белсенді түрде спортпен шұғылданып 51 кг салмақ жоғалтқанын айтыпты. 2018 жылғы өткізілген осы байқауда ол екінші орынды иеленген еді. Арудың бұрынғы салмағы 108 килограммды құрапты. Өзінің ерік-жігерінің арқасында Аткин 57 келіге дейін арықтапты. 

"Үш жыл бұрын мен Ұлыбританияның аруы атанамын деген ой үш ұйықтасам, түсіме кірмепті", - деп мойындады бойжеткен.  

Атап кетерлік жайт, ол кантри-әнші ретінде елге танылған екен. 2018 жылы ол өзінің сингл ән жинағын жариялапты. 

Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Дс

Сс

Ср

Бс

Жм

Сб

Жс

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде