{metadescription}
Мектептегі былықты жайып салған мұғалім ақыры дегеніне жетті

Мектептегі былықты жайып салған мұғалім ақыры дегеніне жетті

Таразда бейнеүндеу жолдап, білім және ғылым министрінің назарын аударған мұғалім мектепке қайта қабылданды.

Негізсіз жұмыстан қуылдым деп дау шығарған тараздық мұғалім мектепке қайта қабылданды. Жергілікті басшылар директор Күнсұлу Бөрімбекованы қызметінен босатарда қателіктерге жол бергенін айтты. 

"Бұл жерде ол кісіні жұмысқа қайта орналастыру туралы бұйрықтың күшін жоюға, яғни ол бұйрықты шығаратын кезде негіз болатын құжаттар жеткіліксіз екені анықталды, сол себептен комиссия ол кісіні қайтадан жұмысқа орналастыру жөнінде шешім қабылдады", - деп түсіндірді Тараз қалалық білім бөлімі басшысының міндетін атқарушы Уәлихан Байдуанов.

Атап айтқанда, директор қызметтік тексеріс жүргізбеген, әрі қол астындағы маманнан түсініктеме алмаған. Осы екі жағдай Бөрімбекованы кері қайтаруға негіз болыпты. Шу шыққан білім ошағында қазір жан-жақты тексеріс жүріп жатыр. Себебі, бірнеше мұғалім мектептегі жемқорлық сипатындағы былықтарды жайып салған.

Қазір осыған қатысты әр ұстаздан сауалнама алынуда. Мамандардың уәжі расталса, бұл іспен құзырлы орындар айналысады. Еске салсақ, Тараздағы №43 мектептің мұғалімі өзінің жұмыстан негізсіз шығарылғанын айтып, бейнеүндеу жолдаған болатын. Күнсұлу Бөрімбекованың үні демде Білім және ғылым министрінің құлағына жетті. Асхат Аймағамбетов комиссия жұмысы аяқталғанша директор Эльмира Өмірбекованы уақытша қызметінен шеттетуге бұйрық берген-ді.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.