{metadescription}
Кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды

Кәмелетке толмаған балалар автобуста тегін жүретін болды

Елордада кәмелетке толмаған балалар қалаішілік қоғамдық көлікпен тегін жүретін болды.

«28 наурыздан бастап кәмелетке толмаған барлық балалар елордада қоғамдық көлікте тегін жүреді. Біз осындай шешім қабылдадық», - деді компанияның басқарма төрағасы Бекмырза Игенбердинов.

Елордадағы қоғамдық көлікке жауапты «Astana LRT» ЖШС атауы өзгерді.

«Әу баста елордадағы халықтың саны 1 миллионға тек 2030 жылы жетеді деп болжанған еді. Алайда өздеріңіз көріп отырғандай, қала тез өсіп келеді. Компанияның жұмысын жандандырып, ребрендинг жүргізіп жатырмыз. Бұдан былай компаниямыздың атауы - City transportation systems, яғни қысқарта айтқанда CTS болмақ», - деді елордада өтіп жатқан көрме-конференция барысында Бекмырза Игенбердинов.

 

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде