Бірде-бір қазақстандық шетелде коронавирус жұқтырған жоқ
Қазақстандық дипломаттар шетелде жүрген азаматтар арасында коронавирус бойынша сағат сайын мониторинг жүргізіп жатыр.
15:13 27.02.2020
Шетелде коронавирус жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар жоқ. Бұл туралы сыртқы істер министрлігі хабарлады.
"Өздеріңіз білетіндей, коронавирустың ауқымы жылдам кеңейіп жатыр, сондықтан сыртқы істер министрлігі тынымсыз жұмыс істеуде, біздің шетелдік мекемелер жағдайды сағат сайын бақылап отыр. Бақытымызға орай, жұқтырғандар мен күдіктілер арасында Қазақстан азаматтары жоқ", - деді Қазақстан сыртқы істер министрлігінің ресми өкілі Айбек Смадияров.
Смиядияровтың мәліметінше, қазір Иранда 170-ке жуық Қазақстан азаматы уақытша тұрып жатыр, деп жазады sputniknews.kz.
"Олардың 74-і – елшілік қызметкері және олардың отбасы мүшелері. Жетеуі студент, вахталық әдіспен жұмыс істейтін 73 азамат, тағы 16 адам бар. Консулдық есепте 119 азамат тұр. Әр дүйсенбі сайын Тегеран-Алматы-Тегеран рейсі ұшатын, алайда қазіргі уақытта бұл әуе қатынасы тоқтатылды. Індетті жұқтырғандардың арасында қазақстандықтар жоқ", - деп түсіндірді ол.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!