Синоптиктер үш өңірде ескерту жариялады
Ауа райының нашарлауына байланысты тағы бірнеше өңірде ескерту жарияланды.
19:27 27.02.2020
«Қазгидромет» РМК мәліметінше, 28 ақпанда Батыс Қазақстан облысының кей жерлерінде тұман күтіледі. Оңтүстік-батыстан соғатын желдің күші 15-20 м/с артады. Орал қаласында оңтүстік-батыстан соғатын желдің екпіні 18 м/с күшейеді. Маңғыстау облысының кей жерлерінде шаңды дауыл болжанады. Оңтүстік-шығыстан жел соғып, жылдамдығы 15-20, кей жерлерде 23 м/с жетуі ықтимал.
Актау қаласында күндіз шаңды дауыл тұрып, оңтүстік-шығыстан соғатын желдің екпіні 23 м/с жетеді. Ақмола облысының кей жерлерін тұман, көктайғақ, бұрқасын күтіледі. Солтүстік-батыстан соққан жел оңтүстік-батысқа ауысып, күші 15-20 м/с артады. Көкшетау қаласының жолдарында көктайғақ күтіледі. Айта кетейік, синоптиктер бұған дейін Солтүстік Қазақстан және Қостанай облыстарында ескерту жариялаған болатын.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!