{metadescription}
Атырау тұрғындарын қауіпсіздік формасын киген дәрігерлер шошытты

Атырау тұрғындарын қауіпсіздік формасын киген дәрігерлер шошытты

WhatsApp мессенджерінде арнайы қауіпсіздік формасын киген жедел жәрдем қызметкерлерінің видеосы таралған.

Олар жедел жәрдем көлігінен түсіп, өздерін шақырған науқастың үйіне қарай беттейді. Осы видеодан кейін коронавирус Атырауға да жеткен деген қауесет тараған. Облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметі 26 ақпанда түстен кейін «103»-ке жақында Таиландтан келген әйел ыстығы көтерілгендігінін айтып шағымданып, қоңырау шалғандығын растады. Қызметкерлердің формасын коронавирусқа күдік туындаған жағдайда қауіпсіздік нұсқауларына сәйкес киімі деп түсіндірген.

Науқас әйел жедел респираторлық вирустық инфекциясы диагнозымен жедел түрде №2 Атырау облыстық ауруханасының оқшаулау бөлімінде карантинге алынды. Алайда коронавирустық инфекция расталмаған және қазіргі уақытта науқастың жағдайы тұрақты деп бағаланды. Денсаулық сақтау басқармасы Атырау облысында коронавирус оқиғасы тіркелмегенін атап өтті.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде