Қызылордада көкөніс дүкені өртке оранды
Бүгін Қызылорда облысы Шиелі ауданындағы орталық базарда орналасқан көкөніс дүкені өртенді.
11:38 28.02.2020
Аталмыш оқиға 27 ақпанда 22.12 шамасында болды. Аумағы 450 шаршы метр болатын дүкеннен өрт шыққан. Оқиға орнына Шиелі аудандық төтенше жағдайлар бөлімі жедел жетіп, барлау жұмыстарын жүргізді.
«Нәтижесінде аумағы 450 шаршы метр болатын дүкен толықтай қызыл жалынға оранып жанып жатқаны анықталды. Өртті оқшаулауға өрт сөндіру қызметінен 30 қызметкер және 4 бірлік автокөлік жұмылдырылды. Өрт сөндірушілердің біріккен іс-қимылының арқасында тілсіз жау оқшауланды. Зардап шеккендер жоқ. Өрттің шығу себебі мен шығыны анықталу үстінде», - деп мәлім етті Қызылорда облыстық Төтенше жағдайлар департаменті өрт сөндіру және апаттық-құтқару жұмыстары қызметі.
Бұдан бұрын Қызылордада көп қабатты үйдегі өрттен 47 адам эвакуацияланды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!