Қырғызстан азаматының коронавирус жұқтырғаны анықталды
Diamond Princess лайнеріндегі қырғыз жолаушысының коронавирус жұқтырғаны расталды.
15:04 28.02.2020
Ол енді толық сауығып шыққанша Жапония ауруханасында болады. Круиз кемесінің қырғыз жолаушысы коронавирус жұқтырғаны анықтады. Бұл туралы Қырғызстан сыртқы істер министрінің орынбасары Нұрлан Абдрахманов айтты. 26 ақпан күні тапсырған Қырғызстан азаматының сынағы оң нәтиже берді. Бүгінде науқас жапон ауруханаларының біріне жатқызылды. Коронавирус оның кемедегі көршісінен жұққан.
"Бізге жеткен мәліметтер бойынша, ер адам қатты ауырып жатқан жоқ. Науқастан шағым түспеді", - деді Абдрахманов.
Жапония тарапы қырғыз азаматы толық сауығып кетпейінше елден шығарылмайтынын хабарлап отыр.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!