Коронавирустан көз жұмғандар саны 2 835 адамға жетті
Қытайда қауіпті коронавирус жұқтырып, қайтыс болғандар саны артып жатыр.
12:28 29.02.2020
Қытайда коронавирус жұқтырған адамдар саны 79 251-ге жетті. Олардың ішінде 2 835 адам қайтыс болды. Бұл туралы 29 ақпанда ҚХР Гигиена және денсаулық сақтау мәселелері жөніндегі мемлекеттік комитеті хабарлады.
Ведомствоның хабарлауынша, 31 провинциядан жиналған мәліметтерге сәйкес коронавирус жұқтырғандар саны 79 51 адам болған. Қазір 37 414 адам ауырып жатыр (7664 адам ауыр халде), 39 002 адам ауруханадан шыққан және 2835 адам қайтыс болған.
Соңғы тәулікте ел бойынша 427 адамның (оның 423-і Хубэй провинциясында) инфекция жұқтырғаны анықталды. Ал ауруханадан 2885 адам шығарылған. Сонымен қатар 47 адам көз жұмды.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!