{metadescription}
Туған күнін моншада тойлаған блогер әйелдің күйеуі мен екі қонағы көз жұмды

Туған күнін моншада тойлаған блогер әйелдің күйеуі мен екі қонағы көз жұмды

Екатерина Диденко есімді ресейлік блогердің күйеуі әйелінің туған күнін тойлағаннан кейін ауруханаға түсіп, сонда көз жұмды.

Осыған дейін туған күнде болған қонақтар жансақтау бөлімінде жатыр деп айтылған. Қайғылы жағдайдан үш адам өлген. Оның ішінде блогердің жұбайы мен тағы екі қонақ бар. Оқиға 28 ақпанда кешке Мәскеуде орналасқан "Девятый вал" ванна кешеcінде болған.

Блогер қыздың туған күнін тойлау кезінде қонақтардың бірі құрғақ мұзды суға лақтырған. Осыдан кейін химиялық реакция пайда болды, адамдар улана бастаған. Оқиға фактісі бойынша қылмыстық іс қозғалды.

 Дереккөз: Stan.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

20 наурыз

Серіктестер жаңалықтары

загрузка...
Қазір эфирде