Оралда балық аулау кезінде ер адам суға батып мерт болды
Оралда балық аулау кезінде мұз ойылып, ер адам суға батып кетті.
15:38 29.02.2020
БҚО ТЖ департаментінің баспасөз қызметінен түскен мәліметке қарағанда, оқиға бүгін таңертең Деркөл ауылындағы Шаған өзенінде орын алды. Сағат 09.10 шамасында 1960 жылғы ер адам мұз ойылып, киімімен өзенге батып кетті.
Марқұмның денесі жедел құтқару жасағының күшімен (6 қызметкер, 1 жүзу құралы, 1 техника) сағат 10.29-да судан шығарылды. Еске салайық, Көкшетауда 33 жастағы ер адам дәмхана иесінің қолынан көз жұмды.
Дереккөз: ҚазАқпарат
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!