Президент Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді
Мемлекет басшысы Қасым-Жомарт Тоқаев қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің өліміне қатысты пікір білдірді.
17:02 29.02.2020
"Қоғамдық резонансты ескере отырып, мен бұл іспен жете таныстым. Өкінішке қарай, белсенді Ағаділ жүрек жетіспеушілігінен қайтыс болды деп сеніммен айта аламын. Себепті басқадан іздеу – шындықты бұрмалау деген сөз", - деді Тоқаев Informburo.kz ақпарат порталына берген сұхбатында жұрттың ресми ақпаратқа сенбей отырғаны туралы сұраққа жауап бере отырып.
Президент өз сөзінде марқұм кім болса да, қандай көзқарасты ұстанса да, ең алдымен оның адам екенін, ал адам өмірі бірегей және бағасыз екенін атап өтті.
"Бәріміз де Алланың жазғанына бағынамыз. Иманды болсын", - деді мемлекет басшысы.
Еске салайық, 25 ақпанда ішкі істер органдары Нұр-Сұлтандағы тергеу изоляторында қоғам белсендісі Дулат Ағаділдің қайтыс болғанын хабарлады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!