«Дүйсенбі жұмыс күні болуы тиіс»: Тоқаев мереке күніне қатысты тапсырма берді
Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады.
08:36 04.03.2020
Президент дүйсенбі күні барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс екенін айтты. Президент Қасым-Жомарт Тоқаев мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырды. Бұл туралы ол өзінің Twitter-дегі парақшасында жазды.
«Үкіметке және президент әкімшілігіне мереке күндеріне қатысты қолданыстағы тәртіпті қайта қарауды тапсырдым. Егер мейрам күні жексенбіге сәйкес келсе, келесі күн демалыс болып саналады. Келесі күн (дүйсенбі) барлық мемлекеттік қызметшілер үшін жұмыс күні болуы тиіс», - деп жазды президент.
Қазақстандықтар наурызда 8 наурыз және Ұлыстың ұлы күні мейрамдарында демалады. Мереке күнінен кейінгі дүйсенбі демалыс саналады. Биыл 8 наурыз – Халықаралық әйелдер күні жексенбіге түсіп тұрғандықтан, 9 наурыз – дүйсенбі демалыс болады. Осылайша 3 күн қатарынан демалыс беріледі.
21-23 наурызда елімізде үш күн Наурыз мейрамы тойланады. Бұл мерекенің екі күні – 21 және 22 наурыз демалыс күндеріне түсетіндіктен, аптасына бес күн жұмыс істейтіндер 5 күн қатарынан (21-25 наурыз) демалу мүмкіндігіне ие болады. Сонымен, 1, 14, 15, 28 және 29 наурыздағы барлық демалыс күндерін қоса алғанда қазақстандықтар көктемнің алғашқы айында 13 күн демалады.
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!