{metadescription}
Премьер-министрі отставкаға кету жөнінде өтініш жазды

Премьер-министрі отставкаға кету жөнінде өтініш жазды

3 наурыз күні Украина премьер-министрі Алексей Гончарук Жоғарғы Рада төрағасының атына қызметтен босату туралы өтініш жазды.

Бұл жөнінде журналистерге «Слуга народа» фракциясының мүшесі, депутат Александр Качура хабарлады.

«Иә, бүгін оның өтініші бізге келіп түсті», - деп атап өтті Качура.

Айта кетейік, бұған дейін ел президенті Владимир Зеленский «Слуга народа» фракциясының отырысында Украина премьер-министрі Алексей Гончарукты отставкаға жіберіп, оның орнына Денис Шмыгальды тағайындауды ұсынған еді. Ол жайында Александр Качура өзінің Telegram парақшасында жазған.

Қоса кетейік, «Слуга народа» депутаттық фракциясы 3 наурыздағы отырысында Алексей Гончаруктың өтінішін қанағаттандыру туралы шешім қабылдады. Бұл жөнінде журналистерге халық депутаты Александр Дубинский хабарлады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.