{metadescription}
Тұман, жел, көктайғақ: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Тұман, жел, көктайғақ: 4 наурызға арналған ауа райы болжамы

Синоптиктер 4 наурызда Қазақстан аумағында ауа райы қандай болатынын айтты.

Қазақстан аумағының басым бөлігі әлі де антициклон ықпалында, осыған байланысты күн ашық болады. Тек еліміздің солтүстік, шығыс, оңтүстік-шығыс және батыс аймақтарында циклон әсерінен жауын-шашын (жаңбыр, қар) жауады. Шығыста кей жерлерде қалың қар жауады. Республиканың кей жерлерінде тұман түсіп, көктайғақ болады, жел күшейеді, республиканың шығысы мен солтүстік-шығысында жаяу бұрқасын көтеріледі.

Павлодар, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі, көктайғақ болып, жаяу бұрқасын соғады. Шығыс Қазақстан облысының түнде кей жерлерінде жел қарқыны - 15-20 м/с. Ақмола, Жамбыл, Қызылорда, Солтүстік Қазақстан, түнде және таңертең Алматы облысының кей жерлерінде тұман түседі, жел екпіні 15-20 м/с дейін күшейеді.

Түркістан облысының кей жерлерінде жел жылдамдығы 15-20 м/с жетеді. Қостанай, Қарағанды, Атырау, Батыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде тұман түседі. Ақтөбе облысында күндіз көктайғақ болады.

Дереккөз: ҚазАқпарат

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде