{metadescription}
Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды

Коронавирусты кімдер өте сирек жұқтыратыны белгілі болды

Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген.

Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды. Жаңа коронавирус балалар мен жасөспірімдерге сирек жұғады. COVID-19 ауруының статистикасын зерттеген ғалымдар осындай қорытынды шығарды. Мамандар 70 мыңнан астам дертке шалдығу көрсеткішін зерттеген. Вирус жұқтырғандардың тек 1%-і ғана балалар мен жасөспірімдер екені анықталды.

Ғалымдар мұны адамның иммундық жүйесімен байланыстырып отыр. Ол жыл сайын әлсірейді. Сондықтан ересек адамдар дертке жиі шалдығады. Сондай-ақ, ауруды созылмалы аурулар да асқындырады. Бұған қоса, ата-анасы да балаларды барынша күтеді. Балалардың вирусты сирек жұқтыруының тағы бір себебі - балалар баратын мекемелердің алғаш болып карантинге жабылуы. Ал 60 жастан асқандар, керісінше, вирусты ең тез жұқтыратындар қатарында.

Дереккөз: sputniknews.kz

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде