Мешіттерде көпшілік намаз уақытша тоқтатылды
Тәжікстандағы мешіттер жақында көпшілік намаз оқуды уақытша тоқтатуы мүмкін.
16:21 04.03.2020
Мұндай шешімге адам көп жиналатын орындарда коронавирустың таралу қаупі жоғары екені себеп болды. Душанбедегі кем дегенде үш мешіт тұрғындарды жамағатпен бірге намаз оқудан уақытша бас тартуға шақырды. Орталық мешіттің имамы Абдулхак Обидов сейсенбі күні келушілерді мешітте намаз оқуды уақытша тоқтататынын айтты.
"Мұндай шешім коронавирус эпидемиясына байланысты қабылданды", - деді ол.
Шохмансұр мешітінің имамы 3 наурызда мешітте намаз оқу уақытша тоқтатылатынын айтқан. "Бізді түсініңіздер, осындай бұйрық алдық" деді имам. Бірақ ол бұйрықтың нақты қай мекемеден түскенін айтпады.
Тәжікстан бас муфтиі Саидмукаррам Абдулкодирзода мешіттерде карантин жарияланбағанын, бірақ мұндай шара жақында қабылдануы мүмкін екенін ескертті. Ресми мәлімет бойынша, Тәжікстанда коронавирус тіркелген жоқ, бірақ оның таралуына жол бермеу шаралары қабылданып жатыр.
Дереккөз: centralasian.org
Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!