{metadescription}
Ақтөбеде тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан

Ақтөбеде тәрбиеші баланы сүлгімен ұрып-соққан

Ақтөбеде «Шағала» шипажайында ем қабылдап жатқан баланы тәрбиеші ұрып, видео әлеуметтік желі арқылы кең тарап кетті.

Ақтөбеде «Шағала» шипажайындағы оқиғаға байланысты тексеру басталды.

«Бұл жағдай 1 наурыз күні болды. Балалар ұйқыдан тұрған соң демалыс бөлмесіне барған кезде тәрбиеші оны сүлгімен ұрған. Тәрбиеші өз ісін мойындады. Құқық қорғау органдары келіп, қылмыстық іс қозғады. Түсініктеме алды. Тәрбиешінің айтуынша, тек бір баланы ұрған. Себебі бала балағат сөз айтып, қарсы сөйлеген. Маманымыз 20 жыл бойы жұмыс істеп келеді. Бұрын ондай қылығын көрмедік», - деді «Шағала» шипажайының бас дәрігері Серік Жаңылсынов.

Полиция департаментінің мәліметінше, осы дерекке қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 140-бабының 2-бөлігі бойынша («Кәмелетке толмаған адамды тәрбиелеу жөнiндегi мiндеттердi орындамау») сотқа дейінгі тергеу басталды. Қажетті сараптамалар тағайындалды.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

30 қараша

29 қараша

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде
Для просмотра требуется поддержка flash и javascript.