{metadescription}
Түркістанда жүргізуші көліктің үстіне адамдарды отырғызып алып тасыған

Түркістанда жүргізуші көліктің үстіне адамдарды отырғызып алып тасыған

Түркістан облысында жолаушыларды көліктің төбесіне отырғызып алып бара жатқан жүргізуші жауапкершілікке тартылды.

Әлеуметтік желілерде ВАЗ-2107 автокөлігінің жүргізушісі көлігінің үстіне бірнеше адамды отырғызып алған бейнежазбасы тараған болатын. Бұл бейнені Түркістан облысы Полиция департаментінің қызметкерлері тексерді. Полицейлер "Жигулидің" иесі Ордабасы ауданының тұрғыны екендігін анықтады.

Оған қатысты Ордабасы аудандық полиция бөлімінің жергілікті полиция қызметінің қызметкерлері 593-бабы "Жолаушылар мен жүктерді тасымалдау талаптарын сақтамау" бойынша тіркеп, заңға сәйкес әкімшілік хаттама толтырылады.

Бізді Youtubе-та қараңыз! Бізді Facebook-та, Instagram-да, Telegram-да оқыңыз!

Кеше

Серіктестер жаңалықтары

Қазір эфирде